Топырақты түлететін тың тәсіл
Бір кездері қалдық саналған өнім енді тозған жердің кәдесіне жарауы мүмкін. Әңгіме – фосфогипс туралы. Ғалымдар бұл минерал арқылы тұзданған топырақты қалпына келтіріп, жер құнарын арттыруға болатынын тәжірибе жүзінде дәлелдеп жүр. Осы бағыттағы үш жылдық зерттеудің нәтижесі Таразда өткен халықаралық конференцияда таныстырылды.