Құмар ойын – қоғам дерті
Қазіргі таңда құмар ойынға тәуелділік – қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Әсіресе, интернет арқылы бәс тігу мен онлайн-казинолардың қолжетімді болуы жастар арасында алаңдаушылық туғызуда. Мамандардың мәліметіне сәйкес елімізде жарты миллионға жуық адам құмар ойын ойнайды екен. Бұл ресми мәлімет.