Жас өнертапқыштар мекені
Әр баланың бойында ашылмаған талант, танылмаған қабілет бар. Оны шыңдап, дамыту үшін ең алдымен қолайлы орта мен мүмкіндік қажет. Байзақ ауданындағы Сарыкемер тірек мектеп-гимназиясында оқушылардың жан-жақты дамуына айрықша көңіл бөлінген. Мұнда білім алушылар робототехника, ғылым, ұлттық өнер, журналистика, дизайн және спорт бағытында қабілеттерін шыңдап жүр.