Алаяқтардың айласына алданбаңыз
Бір сәттік сенім – бар ақшаңнан айырылуға себеп болуы мүмкін. Бүгінде интернеттегі алаяқтар түрлі айлаға көшіп, азаматтарды сан соқтырудың жаңа тәсілдерін ойлап табуда. Бірі оңай олжаға кенелтуді уәде етсе, енді бірі жалған инвестиция ұсынып, адамдардың ақшасын иемденеді. Тіпті біреуге көмектесемін деген ниеттің өзі қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.