Негізгі Жаңалықтар Мәслихат мандатына 76 үміткер тіркелді

Мәслихат мандатына 76 үміткер тіркелді

Жамбыл облысында мәслихат депутаттығына үміткерлердің партиялық тізімдері тіркелді. 29 қазанда облыстық аумақтық сайлау комиссиясының кеңейтілген отырысында бес саяси партия ұсынған кандидаттардың құжаттары қаралып, заң талаптарына сәйкестігі тексерілді. Жалпы 76 кандидаттың 41-і әйелдер мен жастар санатына жатады. Бұл ұсынылған үміткерлердің 53,9 пайызын құрайды. Осылайша, заңда белгіленген квота толық сақталған.


Бөлісу