Негізгі Жаңалықтар Жергілікті жолдарға 21 млрд теңге жұмсалды

Жергілікті жолдарға 21 млрд теңге жұмсалды

Биыл жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендер көшелерін жөндеуге 21,1 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде облыстық бюджеттен – 12,4 млрд теңге, аудандық бюджеттерден – 8,7 млрд теңге. Бөлінген қаражат есебінен 71 жобаны іске асыру аясында 2 көпір мен 3 темір жол өткелі қайта жаңғыртылып, 134,1 шақырым жолдар орташа жөндеулермен қамтылған екен. Ал, облыс бойынша 165 автобус маршруттары бар болса, оның ішінде 12 маршрут облысаралық, 20 – ауданаралық, 79 – ауданішілік және ауылішілік, 48 – қалалық және 6 – қала маңылық болып табылады.


Бөлісу