Негізгі Жаңалықтар Тыныштық үшін тынымсыз тірлік

Тыныштық үшін тынымсыз тірлік

Тәртіпті күзетіп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету — патрульдік полицияның күнделікті міндеті. Тараз көшелерінде тәулік бойы қызмет ететін экипаждар құқық бұзушылықтың алдын алып, тұрғындардың тыныштығын қорғайды.

Кезекшілік саптық жиыннан басталады. Қызметкерлер жедел жағдаймен танысып, арнайы бағдар алады. Қару-жарақ, байланыс құралдары мен дәрі қобдишасы да мұқият тексеріледі. Жолға шыққан экипаж көлік қозғалысын бақылап, жол ережесін елемеген жүргізушілерді анықтайды. Ал кезекті тексеріс кезінде жүк көлігінен бірнеше заң бұзушылықтар анықталды.

Бөлісу