Темір жол өткелі қайта жаңғырды
Жуалыда жыры жылдар бойы жалғасқан темір жол өткелін жаңғырту құрылысы аяқталды. Ел ауызында «тесік көпір» аталып кеткен жердегі жүйесіздік пен кептеліс көкейкесті мәселенің бірі еді. Жүздеген тонна салмағы бар пойыздар іркес-тіркес ағылып жатқан темір жолдың астындағы жолды кеңейту оңай болған жоқ. Ел азаматтарының бастамасымен қазынадан бөлінген қаржының арқасында тұрғындар тілегі орындалды.