Балаңа ақыл айтпа, жол көрсет!
«Балаңа ақыл айтпа, жол көрсет!». Республика күні қарсаңында осындай ерекше тақырыпта ата-аналар мен олардың балалары өзара сайысқа түсті. Спорттық шараның өтуіне ұйытқы болған – мектеп ұжымы. Осылайша ұстаздар қауымы білім берумен қатар, тәртіп пен тәрбиені сабақтастыра отырып, үш жақты ынтымақтастықты арттыруға күш салып отыр.