«Болашақ прокурор кеңістігі» ашылды
Таразда Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде «Болашақ прокурор кеңістігі» бұрышы ашылды. Бұл - жоғары оқу орны мен Жамбыл облыстық прокуратурасының бірлескен жобасы. «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясындағы жоба студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, болашақ мамандықты саналы таңдауға мүмкіндік береді.