Терезе тұмшалаған 14 мың жүргізуші жауапқа тартылды
Терезені күңгірттегендер тәртіп сақшыларының назарында. Себебі, оған да жауапкершілік қарастырылған. Төле би көшесінде тоқтатылған Toyota автокөлігін тексеру барысында алдыңғы әйнектерінің қараңғыланғаны анықталған. Тексеру барысында көлікке қатысты тағы бір заңбұзушылық белгілі болды. Оны пайдалануға тыйым салынғанына қарамастан, автокөлік белгіленген тәртіппен қайта тіркелмеген. Заң талаптарын елемеген жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал көлік әйнектеріндегі заңсыз күңгірттеу жабыны алынып тасталды. Бұл – жолдағы бақылау жұмыстарының бір ғана мысалы. Жыл басынан бері көлік терезесін заңсыз күңгірттегені үшін 14 056 жүргізуші жауапкершілікке тартылған.