«Жамбыл жылу» жұмысы қоғамдық кеңес назарында
Қысқы маусымға байланысты өңірдегі барлық мекемелер мен тұрғын үйлерге рет- ретімен жылу беріліп жатыр. Осыған орай, Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшелері “ЖАМБЫЛ ЖЫЛУ” шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қызметтеріне қоғамдық мониторинг жүргізді. Кеңес мүшелеріне кәсіпорын қызметкерлері “Жамбыл жылу” кәсіпорнында көрсетілетін барлық мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат берді.