Негізгі Жаңалықтар «Respublica»: Мәслихат сайлауына дайындық

«Respublica»: Мәслихат сайлауына дайындық

«Respublica» партиясы алдағы сайлау науқанына дайындық аясында өңірлердегі жұмысын жандандыруда. Таразда партияның Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс 12-конференциясы өтті. Жиында 29 қарашада өтетін мәслихат депутаттарының сайлауына дайындық мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, кандидаттарды іріктеу және оларды сайлауға ұсыну міндеттері қаралды. Сонымен қатар партия қатарына жаңа мүшелер қосылып, оларға салтанатты түрде партиялық билеттер табысталды.


Бөлісу