Негізгі Жаңалықтар 300 грамнан астам «альфа-PVP» тәркіленді

300 грамнан астам «альфа-PVP» тәркіленді

Таразда есірткі саудасына қатысы бар деген күдікпен 26 жастағы әйел ұсталды. Полицейлер оның жалдамалы пәтерінен жалпы салмағы 304,55 грамм «альфа-PVP» психотроптық затын тәркіледі. Жеке тінту кезінде күдіктінің сөмкесі мен қалтасынан дайын 148 түйіншек табылған. Ал пәтерін тінту барысында тағы 98 орама, ірі көлемдегі ұнтақ зат, электронды таразы мен қаптау құралдары анықталды. Тергеу дерегінше, әйел интернет арқылы нұсқау алып, Алматы мен Тараз қалаларында есірткі заттарын жасырын тарату қызметімен айналысқан. Аталған дерек бойынша аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды заңсыз айналымға енгізу бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Бөлісу