Ұлт саулығы – ел байлығы
Тәуелсіздік жылдарында денсаулық сақтау саласы да елмен бірге өркендеп келеді. Дәйекке дәлел айтсақ, осыдан 35 жыл бұрын қазақстандықтардың орташа өмір сүру жасы 67 жасты көрсеткен. Ал, бүгінде елімізде орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа жетті. Бұл орайда халықтың әл-ауқаты оңалуымен қатар – ақ халаттылардың да өзіндік үлесі бар.