Тәуелсіздік –асыл мұрат, ұрпаққа аманат
1990- жылы 25- қазанда Қазақ елінің егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл елдік пен теңдіктің бастауы боғлан алғашқы ресми құжат еді. Араға жыл салып Кеңестер одағы да ыдырады. Қазақстан өз алдына дербес мемлекет атанып, жаңа дәуірге қадам басты. Тәуелсіздік жылдары елдің саяси-экономикалық жүйесі қалыптасып, мемлекеттік институттар нығайды. Тарихи шешімдер мен күрделі реформалар, қоғамның өзгеруі мен уақыттың сын-қатерлері тәуелсіз елдің жаңа жолын қалыптастырды.