Негізгі Жаңалықтар Тәуелсіздік жылдарындағы демография

Тәуелсіздік жылдарындағы демография

Бір өңір, бірнеше дәуір, миллионнан астам тағдыр! Тәуелсіздік жылдарында Жамбыл облысының демографиялық келбеті қалай өзгерді? Ал тараздықтар өз қаласында қанша адам тұратынын біле ме? 

Бұл сандардың артында тұтас өңірдің тыныс-тіршілігі, жаңа шаңырақ көтерген отбасылар мен өмірге келген мыңдаған сәби тұр. Демографиялық өсімнің маңызды көрсеткіштерінің бірі – туу деңгейі. Статистика бойынша, өңірде туу көрсеткіші 2021 жылы ең жоғары деңгейге жетіп, бір жылда 30 мың 453 сәби дүниеге келген. Ал биылғы тоғыз айда 13 мыңға жуық нәресте туған. 2026 жылғы 1 қыркүйектегі дерек бойынша, аймақта 1 миллион 210 мың 100 адам тұрады.

Бөлісу