Негізгі Жаңалықтар Мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылады

Мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылады

Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылады. Қасым-Жомарт Тоқаев жарлыққа қол қойды. Мемлекет басшысы бұл шешімді қабылдамай тұрып Премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебаймен кеңес өткізді. Кездесуде Президент жергілікті өкілді органдардың үздіксіз әрі тиімді жұмыс істеуі маңызды екенін атап өтті. Өйткені мәслихаттар азаматтардың заңды мүдделерін қорғауға, жергілікті бюджеттерді бекітуге және өңірлердің дамуын бақылауға жауапты. Мемлекет басшысының пікірінше, депутаттық құрамды жаңарту мәслихаттардың қызметін едәуір күшейтеді. Конституцияның 88-бабы 5-тармағына сәйкес өткен консультациялар барысында Үкімет басшысы мен Құрылтай төрағасы өз ұсыныстарын жеткізді. Жарлық жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.


Бөлісу