Еліміздегі кәсіподақтардың құрылғанына – 121 жыл
Еңбек адамының сөзін сөйлеп, сойылын соғуға тиісті қоғамдағы іргелі ұйым – Қазақстан кәсіподақтары қозғалысының құрылғанына биыл 121, ал Кәсіподақтар федерациясының құрылғанына 36 жыл толды. Осы екі маңызды датаны жамбылдық кәсіподақ ұйымдарының қызметкерлері де атап өтті. Салтанатты жиында осы бағытта еңбек етіп жүрген сала өкілдері марапатталды.