Негізгі Жаңалықтар Жылыту маусымына дайындық қалай?

Жылыту маусымына дайындық қалай?

Тараз тұрғындары қыста жаурамайды. Жылыту маусымына жауапты мамандар энергетикалық нысандардың басым бөлігі қысқа толық дайын деп сендіреді. Қазынадан бөлінген қыруар қаржының арқасында – бірқатар жұмыс атқарылған. Өңірде мыңдаған шақырым электр желісі жөнделіп, Тараздағы жылу магистральдары жаңғыртылды. Ал Жаңатас қаласындағы орталық қазандық табиғи газға көшірілді. Дегенмен, бірқатар жылу нысандарының техникалық жағдайы алаңдаушылық туғызуда.


Бөлісу