Заң мен тәртіп: Жолдағы абайсыздық — өмірге қауіп
Жолдағы жолақты жаяу кесіп өтерде айналаңызға асықпай қарап алыңыз. Қолыңыздағы телефонға үңілмеңіз. Әйтпесе өзіңіздің өміріңізге, өзгенің тіршілігіне қауіп төнуі мүмкін. Жолдан дұрыс өтуді білмейтін жаяу жүргінші көп. Оларға жол бермейтін көлік жүргізуші де аз емес. Сондықтан, тәртіп сақшылары арнайы профилактикалық шараларды қолға алып отыр.