Негізгі Жаңалықтар Заңсыз мигранттарға тосқауыл

Заңсыз мигранттарға тосқауыл

Жамбыл облысында жүргізіліп жатқан «Заңсыз келуші-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері екі күнде 254 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті. Оның ішінде Жамбыл облысынан 88 шетел азаматы Қазақстаннан 5 жылға шығарылды

Сонымен қатар, жедел іс-шара кезінде халықаралық іздеуде жүрген 5 шетел азаматы анықталды. Шетел азаматтарының ел аумағында болу тәртібін бұзуына жол берген 57 Қазақстан азаматы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы қолданылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу заңдылығын тексеру, көші-қон заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу. «Заңсыз келуші-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы 10 қазанға дейін жалғасады.

Бөлісу