Негізгі Жаңалықтар Темір жол саласына 12 миллион теңге айыппұл салынды

Темір жол саласына 12 миллион теңге айыппұл салынды

Биыл 9 айдың қорытындысы бойынша теміржол саласына 150-ден астам әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы сомасы 12 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары Ербол Құлымбет мәлімдеді.

Теміржол көлігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қолданыстағы талаптардың сақталуын тексеру және анықталған кемшіліктердің алдын алу. Осыған байланысты Жамбыл облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері теміржол нысандарында жоспарлы бақылау жұмыстарын жүргізді. Бақылау барысында анықталған кемшіліктер бойынша жауапты тұлғаларға тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оларды жою жөнінде шаралар қабылданған. Инспекция өкілдерінің айтуынша, мұндай бақылау шаралары теміржол саласындағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, заң талаптарын бұзуға жол бермеу және оқиғалардың алдын алу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.

Бөлісу