Негізгі Жаңалықтар Куәліксіз көлік тізгіндеген 171 жүргізуші анықталды

Куәліксіз көлік тізгіндеген 171 жүргізуші анықталды

Жамбыл облысында көлік басқару құқығынан айырылған 171 жүргізуші қайтадан көлік тізгіндеген. Мұны патрульдік полиция қызметкерлері күнделікті қызмет барысында байқаған. 

Мұндай әрекеттер жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Әрбір анықталған құқық бұзушылық бойынша тиісті тексеру жүргізіліп, кінәлі тұлғалар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Ескеретін жайт, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 612-бабына сәйкес, көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның қайтадан рөлге отыруы 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға немесе 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

Бөлісу