Жамбылдық аспаздар Түркияда топ жарды
Түркия төрінде қазақ аспаздары топ жарды. Стамбул қаласында өткен халықаралық бәйгеде Тараз сервистік колледжінің шәкірттері кәсіби шеберліктерін дәлелдеп, жүлделі орынға ие болды. Ұлттық тағамдарды заманауи үлгіде ұсынған жастардың өнері көпшілікті тәнті еткен.