Жасөспірімдер арасындағы бокс турнирі
Белгілі спорт шебері Базылхан Тоқтыбаевтың жүлдесіне арналған жасөспірімдер арасында ІІ республикалық бокс турнирі өтті. Биыл жетінші рет ұйымдастырылып отырған дәстүрлі жарысқа еліміздің әр өңірінен, сондай-ақ Қытай Халық Республикасы мен Қырғыз Республикасынан келген жас спортшылар қатысты.