Негізгі Жаңалықтар Жылыту маусымында өрт қаупі сейілмей тұр

Жылыту маусымында өрт қаупі сейілмей тұр

Күз келіп, күн суытқанымен, өрт қаупі сейілген жоқ. Жылыту маусымы басталғалы пеш, электр және газ жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселесі өзекті болып отыр. Жыл басынан бері Жамбыл облысында өрт оқиғаларының саны азайғанымен, адам шығыны екі есеге артқан. Ал әлеуметтік осал топтағы отбасылардың басым бөлігіне әлі күнге дейін өрт және улы газды анықтайтын датчиктер орнатылмаған. Облыс әкімі жауапты басшылардың сылбыр жұмысын сынға алып, профилактикалық шараларды жеделдетуді тапсырды.


Бөлісу