Жолдау: Ауқымды құрылысқа бетбұрыс
Ауқымды құрылыс, инфрақұрылымды дамыту – Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында басымдық берілген негізгі бағыттардың бірі. Президент 2027 жылды «Жалпыұлттық құрылыс жылы» деп жариялауды ұсынды. Бұл бастама өңірлердегі инфрақұрылымды жаңғыртып қана қоймай, ел экономикасын нығайтуға да бағытталған.