Халықтық құрылыс – өңір дамуының жаңа бағыты
Ауылға апарар тақтайдай тегіс жол, тұрғындарға қолжетімді аурухана, әр шаңыраққа жеткен таза ауыз су. Халықтың ең басты сұранысына айналған бұл мәселелер Мемлекет басшысының Жолдауында да айрықша аталды. Ендігі міндет – жоспарды нақты іске айналдыру. Ал ел игілігіне бағытталған «Халықтық құрылыс» бастамасының Жамбыл өңірі үшін маңызы қандай? Бұл мәселе Таразда өткен кездесуде кеңінен талқыланды.