Құзыреттілік орталық ашылды
Таразда құзыреттілік орталық ашылды. Өңірде алғаш рет ашылған орталық Жамбыл облыстық көпбейінді аурухананың базасында орналасқан. Созылмалы және сирек кездесетін аурулары бар науқастарға мамандандырылған медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Мамандар бұл бастама медициналық қызмет көрсету сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді дейді.