Әдеби-тарихи панорамалық кеш
«Жеті кітап – жеті әлем». Меркі ауданында Мемлекет басшысы оқуға ұсынған жеті әдеби шығармаға арналған әдеби-тарихи панорамалық кеш өтті. Тағылымды іс-шараға белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Шырын Мамасерікова, ардагерлер, аналар қауымының өкілдері мен жастар қатысты. Басқосуда жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және көркем шығармалар арқылы тарихи танымын кеңейту тәсілдері жүргізіліп, ұлттық әдеби мұра насихатталды.