Негізгі Жаңалықтар Байқау жеңімпаздары анықталды

Байқау жеңімпаздары анықталды

«Қазақтың біртуар ұлы - Дінмұхамед Қонаев» атты облыстық шығармашылық байқауы өтті. Оған аудандық және қалалық білім беру мекемелерінің 45 ке жуық оқушысы қатысты. 

Жарыс 3 бағыт бойынша өтті. Мысалы, ғылыми жоба бөлімінде оқушылар өздерінің жұмыстарын қорғаса, «Дара тұлға ізімен» бағытында қазылар алқасы бекіткен тақырыпта эссе жазды. Ал, үшінші бөлімде жас ақындардың арасында мүшайра өтіп, үздіктері сараланды. Өскелең ұрпақты патриоттыққа баулып, шығармашылығын шыңдау жарыстың негізгі көздегені. Байқау соңында үздіктер анықтаып, оларға тиісті марапаттар табыс етілді.

Бөлісу