Кәсіпкерлік қарқыны
Кәсіп ашып, оны дөңгелету – екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс. Ал оны дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашу – үлкен еңбек пен табандылықты талап етеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та кәсіпкерлікті дамыту, шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесін арттыру міндетін бірнеше рет атап өткен. Бүгінде бұл сала ел экономикасының маңызды тірегіне айналды. Соңғы жеті жылда елімізде шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 40 пайызға жуықтаған. Жамбыл облысында да кәсіпкерлік саласының қарқыны артып келеді.