Ұлттық би – ұрпаққа аманат
Ұлттық өнер – ұлттың рухани байлығы, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын асыл мұрасы. Таразда «Ұлт қазынасы – Ұлттық би» атты облыстық байқау өтті. Өнер додасына мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарының, шығармашылық орталықтар мен би студияларының жас өнерпаздары қатысты.