Ел чемпионаты аяқталды
Шаршы алаңдағы тартыс, жанкүйердің қызу қолдауы, жеңіс үшін соңына дейін күрес! Таразда бокстан Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Бірнеше күн бойы елдің ең мықты былғары қолғап шеберлері өзара бақ сынап, чемпиондық атаққа таласты. Сонымен жеңіс те, жеңіліс те қатар жүрген жарыста үздіктер анықталып, жүлдегерлер тұғырға көтерілді.