Кітап оқуға жетелеудің тың тәсілі
Цифрлық технология күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналған қазіргі кезеңде жастарды кітапқа баулу оңай болмай тұр. Ал Тараздық мектеп кітапханашылары рухани қазынаны жастардың жүрегіне жеткізудің тың тәсілін жасаған. Яғни, көркем шығармаларды сахналау арқылы әдеби әлемге жетеледі. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Кітап оқитын ұлт» жобасы шеңберінде арнайы іс-шара ұйымдастырып, өзгелермен өздерінің тәжірибесімен бөлісті.