Өңірлердің дамуы алқа мәжілісінде қаралды
Жыл он екі ай бойы жұмысын жүйелей алмаған басшыларға тиісті шешімдер қабылданатын болады. Себебі кейбір аудандарда салалардың даму үрдісі кенжелеп тұр. Тоғыз жолдың торабында орналасқан әлеуеті мықты ауданның өзі үдеден шыға алмай отыр. Жыл аяқталуға жақын. Бүгін алқа мәжілісінде жергілікті атқамінерлердің жыл бойы атқарған жұмыстары қаралды. Тоғыз айды қорытындылаған жиында ескерту алған жауаптылар жұмысты ширату қажет. Аймақ басшысы жыл соңында дейін істі ілгерілетуге тапсырма берді.