Жолдау бағыты - ел дамуының негізі
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында ел дамуының басым бағыттарын айқындап, әлеуметтік- экономикалық өсімді қамтамасыз етуге арналған бірқатар міндеттерді белгіледі. Осы басымдықтарды халыққа түсіндіру және алдағы жұмыстардың маңызын жеткізу мақсатында құрылған ақпараттық топ Тараз металлургиялық зауытының қызметкерлермен кездесті. Жиында Жолдау көтерілген өзекті мәселелер талқыланып, өндіріс ұжымының сауалдарына жауап берілді.