Тарихын түгендеген жас зерттеушілер
Таразда жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты IX республикалық интеллектуалдық конкурсының қорытынды кезеңі аяқталды. Білім додасына еліміздің әр өңірінен келген 9-10 сынып оқушылары қатысты. Үш кезеңнен тұратын байқауда жас зерттеушілер туған өлкенің тарихы мен мәдени мұрасын зерделеп, өз жобаларын қорғады. Үздіктер анықталып, жеңімпаздар марапатталды.