Негізгі Жаңалықтар Қазақстан түркі елдерімен сауданы $10 миллиард жеткізді

Қазақстан түркі елдерімен сауданы $10 миллиард жеткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Анкарада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі. Мемлекет басшысы түркі елдерінің ынтымақтастығын нығайту - ортақ стратегиялық міндет екенін атап өтті. Биыл Қазақстанның ұйымға мүше мемлекеттермен өзара сауда көлемі 10 миллиард долларға жуықтаған. Бұл - былтырғы көрсеткіштен 40 пайызға жоғары. Мемлекет басшысы сауда, инвестиция, өндіріс және ауыл шаруашылығы салаларындағы байланысты күшейтуді ұсынды. Қазақстанның цифрландыру мен жасанды интеллект саласындағы тәжірибесін бауырлас елдермен бөлісуге дайын екенін жеткізді.

Бөлісу