Жаңа көпір құрылысы жалғасуда
Таразда былтыр басталған Абай даңғылы бойында автомобиль көпірінің құрылысы әлі де жалғасуда. Маңызды стратегиялық нысанның құрылысы аяқталса қаланың Әулиеата және Жібек жолы аудандарын байланыстырады. Ел игілігіне қызмет ететін осындай маңызды жобалар алдағы уақыттарда да жүзеге асырылатын болады. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауда инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ барлық өңірде азаматтық нысандарды салу мен жөндеудің маңыздылығына тоқталды. Сондықтан 2027 жылды жаппай құрылыс жылы деп жариялады.