Президент «Халықтық құрылыс» бастамасын ұсынды
Қазақстанда «Халықтық құрылыс» атты ауқымды бағдарлама басталады. Алдағы үш жылда Ұлттық қордан инфрақұрылымды жаңғыртуға 6,5 триллион теңге бөлінеді. Ел бойынша жаңа мектептер мен ауруханалар салынып, жолдар және инженерлік желілер жаңартылады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстан халқына Жолдауында осындай міндет қойды. Сондай-ақ ең төменгі жалақыны көтеруді, мемлекеттік басқару жүйесін түбегейлі өзгертуді тапсырды.