Азия Пара ойындарының жүлдегерлері оралды
Жамбылдық параспортшылар халықаралық аренада топ жарды! «Тараз-Арена» спорт кешенінде V жазғы Азия пара ойындарының жүлдегерлерін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. 18–24 қазан аралығында Жапонияның Айти-Нагоя өңірінде өткен дүбірлі додада Қазақстан құрамасы сапында Жамбыл облысының 9 спортшысы бақ сынады. Олар жүзу, паратаеквондо және парапауэрлифтинг спорт түрлерінен өнер көрсетті. Нәтижесінде үш спортшы жүлдегерлер қатарынан көрінді.