Жазасын өтеушілер ұлттық ойындардан сынға түсті
Түзеу мекемелерінде заң мен тәртіпті сақтаумен қатар, жазасын өтеуші азаматтарды қоғамға қайта бейімдеу және олардың бос уақытын тиімді пайдалану бағытындағы жұмыстар үздіксіз жүргізіліп келеді. Осы орайда, мекеме әкімшілігі мен тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен сотталғандар арасында қазақтың ұлттық ойындарынан спорттық жарыс өтті.