Жасанды интеллект білім беру саласында қалай қолданылуда?
Мемлекет басшысы биылғы жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Осыған орай Меркі ауданында облыстық семинар өтті. Басқосуда жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне енгізу, цифрлық құралдарды тиімді пайдалану және педагогтердің кәсіби тәжірибесін жетілдіру мәселелері талқыланды.