Негізгі Жаңалықтар Бейбіт күннің батырлары

Бейбіт күннің батырлары

Мемлекет тарапынан құтқарушыларға жан-жақты қолдау көрсетілуі тиіс. Бүгін Президент Үкімет алдына осындай міндет қойды. Кәсіби мерекеге орай Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлар қызметінің мамандарын қабылдап, марапаттар табыстады. Мемлекет басшысы апаттың алдын алу үшін озық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу маңызды екенін айтты. Сонымен қатар заманауи техникамен және қажетті қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуді міндеттеді. Бұдан бөлек құтқарушыларды бейбіт күннің батырлары деп атап, ерлігі мен еңбегіне жоғары баға берді.


Бөлісу