Дәстүрлі баспасөздің болашағы қандай?
Белгілі медиаменеджер, «Қазақ газеттерінің» Бас директоры Ержан Байтілес Жамбыл өңіріне ат басын бұрды. Сапар аясында ол аймақ журналистикасының ардагерлері және мерзімді басылымдардың бас редакторларымен кездесті. Басқосуда дәстүрлі баспасөздің бүгінгі жағдайы, цифрлық медианың дамуы және газет-журналдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерін талқылады.