Тәуелсіздікпен түлеген театр
Театр – ұлттың рухани жадын сақтап, заман шындығын сахна тілімен жеткізетін өнер ордасы. Тәуелсіздік жылдарында қазақ сахнасы тарихи тұлғаларға қайта үңіліп, ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға басымдық берді. Жамбыл өңіріндегі өнер қарашаңырағы да осы жолдан өтті. Асқар Тоқпанов атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры отандық драматургияны дәріптеп қана қоймай, халықаралық сахналарда да бағын сынады.