Берекелі отбасы – берік қоғам
Елу жыл бір шаңырақ астында өмір сүру үшін махаббаттан бөлек, сабыр мен сыйластық та қажет. Таразда үш буынның өнегесін тоғыстырған тағылымды шара өтті. «Берекелі отбасы – берік қоғам» атты басқосуда алтын және күміс той иелері мен жас жұбайлар бас қосты. Басты мақсат – отбасы құндылықтарын дәріптеп, кейінгі ұрпаққа өнеге көрсету.