Негізгі Жаңалықтар Мәслихат сайлауының тәртібі түсіндірілді

Мәслихат сайлауының тәртібі түсіндірілді

Мәслихат сайлауына дайындық басталды. Таразда саяси партия өкілдеріне сайлау талаптары түсіндірілді. Кездесуде кандидат ұсыну тәртібі мен науқанның негізгі кезеңдері талқыланды.

Сайлауға дайындықта заң талаптарын білу маңызды. Таразда облыстық аумақтық сайлау комиссиясы мен саяси партия өкілдері бас қосты. Комиссия төрағасы Серғали Айдапкелов бастаған жиында кандидаттарды ұсыну, құжат тапсыру мерзімі және үгіт жүргізу тәртібі түсіндірілді. Қаржыландыру мәселесі де назардан тыс қалмады. Партия өкілдері сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауап алды. Мұндай кездесулер сайлау кезіндегі заңбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Айта кетейік, мәслихат депутаттарының сайлауы 29 қарашада өтеді.

Бөлісу